Жаһан

Қазақстанда мүгедектерді такси қызметімен қамтамасыз ету үшін жылына 90 млн. теңге бөлінеді

Қазақстанда мүгедектерді такси қызметімен қамтамасыз ету үшін жылына 90 млн. теңге бөлінеді

Қазақстанда мүгедектерді такси қызметімен қамтамасыз ету үшін жылына шамамен 90 млн. теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлім етті. «Қазіргі таңда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша бізде барлық өңірлерге шамамен 90 млн. теңге бөлінеді. Әртүрлі өңірлерге берілетін сома теңгерімделген. Бұл қаржы инвотакси қызметін дамытуға бағытталады», - деді ол. Оның атап өтуінше, бүгінде республика аумағында 110 инвотакси мүгедек азаматтарға тасымал қызметін көрсетуде. Олар жылына орташа есеппен 192 мың тапсырыс орындайды.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz