- Advertisement -

Бокстан Әлем чемпионатының ¼ финалы: Қазақстандықтар кімдермен кездеседі

48

- Advertisement -

Бокстан Әлем чемпионатының ¼ финалы: Қазақстандықтар кімдермен кездеседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан Әлем чемпионатының ширекфиналдық ойындары өтеді. Жарыстың бұл сатысында қазақстандық жеті боксшы сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің қарсыластары анықталды. Нұр-Сұлтан уақытымен 16.00-де басталатын күндізгі жекпе-жектерде Сәкен Бибосынов (52 келі) армениялық Артур Оганесянмен, Тұрсынбай Құлахмет (75 келі) те сол елдің өкілі Арман Дарчинянмен қолғап түйістірсе, Василий Левит (91 келі) иорданиялық Хуссейн Яшаишпен шаршы алаңға шығады.

Ал кешкі жекпе-жектер елорда уақытымен 20.00-де басталады. Бұл уақыттарда Абылайхан Жүсіпов (69 келі) Доминикан Републикасынан келген Роан Поланкомен, Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) түркиялық Байрам Малканмен, Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) Германиядан келген Нелви Тилфакпен, Қайрат Ерәлиев (57 келі) өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиловпен кездеседі.

Жартылай финалға жолдама алған боксшылар 20 қыркүйекте жұдырықтасады. Ал 21 қыркүйекте чемпиондар анықталады.

Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатына 1993 жылдан бері тұрақты қатысып келеді. Содан бері барлығы 40 медальға қол жеткізді. Медальдің 11-і «алтын», 12-і «күміс» және 17-і «қола».

Бұан бұрын қазақстандық жеті боксшының ширек финалға жолдама алғанын хабарлаған едік.

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support