Тараз
Тараз
Облыстық әділет департаментінде “Қазақстан Респуликасындағы бағалау қызметі туралы” Заңының жобасын талқылау мақсатында семинар- кеңес өтті. Семинар-кеңес жұмысына Әділет министрлігі Заңнама институтының, республикалық бағалаушылар және нотариалдық палаталардың, облыстық, Тараз қалалық соттарының, барлық екінші деңгейлі банктердің өкілдері қатысты. Сонымен қатар басқосуға Қырғыз Республикасы бағалау палатасының да өкілдері арнайы шақырылды. Семинар-кеңес барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, жаңа заң жобасына байланысты ұсыныстарымен бөлісті.