- Advertisement -

«Андерлехтпен» тең түсті

24

- Advertisement -

Футболдан қыздар арасындағы Еуропа чемпиондар лигасында сынға түсіп жатқан «БИІК-Қазығұрт» қыздар командасы доданың 1\16 финалында Бельгияның «Андерлехт» футбол клубымен кездесті. Брюссель қаласында өткен бірінші ойында қазақстандық арулар қарсыластарымен 1:1 есебімен тең түсті.
Кездесудің бірінші кезеңінде қос команда ойыншылары жақсы шабуылдар ұйымдастырғанымен, ұрымтал сәттерді ұтымды пайдалана алған жоқ. Нәтижесінде бірінші кезеңде есеп ашылмады.
Үзілістен кейін қазақстандық команданың ойыншылары шабуылдарын ширата түсті. Нәтижесінде ойынның 63-минутында Алина Литвиненко 11 метрлік айып соққысын мүлт жібермеді. Осылайша «БИІК-Қазығұрт» арулары есептегі басымдыққа ие болды. Алайда қазақстандықтар жеңісті есепті ұстап тұра алмады. Кездесудің 71-минутында алаң қожайындарының қорғаушысы Бритт Ванхамел мергендігімен көзге түсіп, таблодағы көрсеткішті теңестірді. Қорытынды есеп – 1:1.
Қарымта кездесу 25 қыркүйек күні Шымкентте өтеді. Бұл ойында «БИІК-Қазығұрт» арулары қарсыластарымен 0:0 есебімен тең түссе де жетеді. Жалпы «БИІК-Қазығұрт» арулары 2016-2017 жылдары 1\8 финалға дейін жеткен болатын. Өткен маусымда 1\16 финалда испаниялық «Барселонаның» қыз-дарына екі ойын қорытындысы бойынша жеңілгені есімізде. «БИІК-Қазығұрттың» қыздары жүрістерінен жаңылмаса келесі кезеңге өтуі керек.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support