Батыл шешімдер қабылдады
Батыл шешімдер қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің өркендеуі, әлемдегі дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттермен терезесі тең болуы үшін көптеген батыл шешімдер қабылдап, халыққа алғашқы Жолдауын жолдады. Міне, бүгін Президентіміз өзі ұсынған сол жаңа да жасампаз бағыттарды жан-жақты тарата отырып, баршамызға нақты тапсырмалар мен міндеттер жүктеп отыр. Президент өз Жолдауында шағын бизнес үш жыл салықтан босатылатынын, халықтың көңілінде жүрген мәселеге қатысты жердің сатылмайтынын, сонымен қатар қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде рөлінің күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келгенін қадап айтты. Мәдениет саласы қызметкерлерінің инемен құдық қазғандай ересен еңбектерінің еленіп, әсіресе, кітапханашылар мәртебесін көтеру жөнінде ой қозғауы бізді бір қуантып тастады. Ендігі жердегі біздің басты міндетіміз – Президентіміздің Жолдауын қолдап қана қоймай, оны барлық оқырмандарымыз арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кеңінен насихаттау болмақ. Шынар ЖҰМАБЕКОВА, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы жанындағы «Аудандық кітапхана» бастауыш партия ұйымының төрайымы, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры. Талас ауданы.