Жаһан

А.Сәрінжіпов: Биыл Қазақстанда жоғары білім беру орындарында оқыту ақысы көтерілмейді

А.Сәрінжіпов: Биыл Қазақстанда жоғары білім беру орындарында оқыту ақысы көтерілмейді

Биыл Қазақстанда жоғары білім беру орындарында оқыту ақысы көтерілмейді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті. «Жоғары оқу орындарындағы оқыту құны биыл өзгермейді, ол мемлекеттік гранттың құнына сәйкестендірілген. Өз кезегінде ол ұлттық және мемлекеттік ЖОО-ларда өзгеріссіз қалды», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. «Біз стратегиялық мақсаттар қойып отырмыз - білім алу жастарға қолжетімді болуы шарт, осыған орай ЖОО-дағы оқыту құны мен бағасы биыл өзгеріссіз қалады», - деді министр.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz