Білім

Г.Әбдіқалықова: Қазақстанда мектепке дейінгі ұйымдарды оқу-әдістемелік материалдармен жабдықтау заңмен реттелетін болады

Г.Әбдіқалықова: Қазақстанда мектепке дейінгі ұйымдарды оқу-әдістемелік материалдармен жабдықтау заңмен реттелетін болады

Қазақстанда мектепке дейінгі ұйымдарды оқу-әдістемелік материалдармен жабдықтау заңмен реттелетін болады. Бұл туралы  білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова айтты. «Ауылдық жерлерде білім беруді дамытуға, тірек ауылдарда интернаттарды қайта құру арқылы шағын жиынтықты мектептердің материалдық-техникалық базасын және кадрлық құрамын нығайтуға ерекше назар аудару қажет», - деді ол. Сондай-ақ вице-премьер мектепке дейінгі білім берудің оқу бағдарламасы, педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесі жаңартылу үстінде екендігін атап өтті. «Мектепке дейінгі ұйымдарды жергілікті деңгейде оқу-әдістемелік материалдармен жабдықтау мәселесін заңмен реттеу жоспарлануда. Заң жобасы 2014 жылдың құыркүйегінде Парламентке енгізіледі», - деді Г.Әбдіқалықова.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz