Білім

ҰБТ-да ауылдық мектептердің орташа баллы қалалықтардан 9,4 пайызға төмен - ҚР БҒМ

ҰБТ-да ауылдық мектептердің орташа баллы қалалықтардан 9,4 пайызға төмен - ҚР БҒМ

Биыл ҰБТ-да ауылдық мектептердің орташа балы 1,9 баллға өсті. Бұл туралы білім қызметкерлерінің республикалық Тамыз кеңесінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті. «Стратегиялық маңызды бағыттардың бірі орта білімнің сапасын арттыруға байланысты. 2014 жылы ҰБТ-ның орташа баллы қалалық мектептерде 2,5 баллға, ал ауылдық қатысушылар арасында 1,9 баллға өсті. Алайда ауылдық мектептер түлектерінің орташа баллы қалалықтардан 9,4 пайызға төмен күйінде сақталуда. Осы орайда қала мен ауыл арасындағы алшақтық бізді алаңдатып отыр және бұл біздің басымдықты мақсаттардың бірі болып табылады», - А.Сәрінжіпов. Оның сөзіне қарағанда, ҰБТ кезінде Алматы мен Астананың түлектері ең табысты нәтижеге қол жеткізді. Белгілі болғандай, жеті облыста ҰБТ-ның баллдары республика бойынша орта көрсеткіштен төмен болды.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz