Фашистер мешіттің қабырғасын тақтаға айналдырды
Фашистер мешіттің қабырғасын тақтаға айналдырды
Австрияда белгісіз біреулер Түрік Ислам бірлестігіне қарасты Аюб Сұлтан мешітінің қабырғаларына фашизм белгісін салып, шимайлап кетіпті. Аюб Сұлтан мешіті орталығының төрағасы Юсуф Чытак бұл жазуларды таң намазына келе жатқанда байқаған. Камерадан қарағандарында бұлардың барлығын таңғы сағат 04:26 кезінде басын бүркеген бір жас жігіт жасаған. Ол асхананың қабырғасы мен баспалдақтарға үш фашистіктің белгісін шимайлап, қабырғаларға жазу жазып кеткен. Австрияда мұндай жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ. Рамазан айы кезінде де Вена қаласында Аюб Сұлтан Имам Хатиб лицейінің құрылыс алаңына Ислам дініне өш қара ниеттілер 5 доңыздың басын лақтырып кеткен болатын.