Басты жаңалық

Жеңіл автокөлік шығаратын зауыт тоқтап қалды

Жеңіл автокөлік шығаратын зауыт тоқтап қалды

Украинадағы жеңіл автокөліктер шығаратын ірі өндіруші Запорожье автомобильқұрылыс зауыты (ЗАЗ) гривнаның девальвациясы мен елдің шығысындағы соғысқа байланысты автокөліктер мен автобус техникасының өндірісін тоқтатты.

«Ұлттық валютаның бір жарым есе құлдырауы Украина азаматтарының сатып алу қабілеттігін төмендетті, шығыс өңірдегі соғыстан Луганск пен Донецк облыстарында сатылым мүлде тоқтады. Украина нарығында жаңа автокөліктердің сатылымы төмендеп, Ресейге экспорт жеткізілімдерінің тоқтауы жағдайында автокөліктер шығару экономикалық жағынан ақылға қонымсыз», – деп хабарлады кәсіпорыннан.