Қордай
Қордай
Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйытқы болуымен «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» байқауына мүмкіндігі шектеулі 20 адам қатысып, өз өнерлерін сарапқа салды. Бірінші орындарды «Үздік жасампаз» аталымы бойынша көрмеге суреттерін қойған қордайлық Е. Сухорухов, «Үздік би» аталымында Қақпатас ауылынан келген Қ. Қайпанова жеңіп алды. Ал Өтеген ауылының тұрғыны Н. Мұразхан байқаудың үздік орындаушысы атанды. Барлық жүлдегерлер мен қатысушыларға дипломдар мен Алғыс хаттар, бағалы сыйлықтар тапсырылды.