Жамбылда не жаңалық?

Жамбыл

Жамбыл

Аудан аумағындағы 19 елді мекеннің учаскелік полиция инспекторлары ауыл тұрғындары алдында белгіленген кестеге сай есеп беруде. Онда осы жылдың 7 айында атқарылған жұмыс барысы талқылануда. Өрнек, Ерназар, Тоғызтарау, Қаракемер, Ақбастау, Шоқай ауылдарының тұрғындары мал ұрлығы, жастар арасында кездесетін келеңсіз тірліктердің жолын кесіп, полиция тарапынан жұмыстарын ширатуды талап етуде.