Әлеумет

Көптен күткен игілік

Көптен күткен игілік

Жуалыда таяуда бірнеше ауылдық округтің халқы үшін өмірлік маңызы бар Көксай қаналы салынып, іске қосылса, Нұрлыкент ауылында ауызсу құбыры тартылды. Міне, енді Диқан ауылында медпункт салынып, пайдалануға беріліп отыр. Жаңа нысанның ашылу салтанатында аудан әкімі Батырбек Құлекеев: «Бүгін ауылдағы жаңа медпункт ашылды. Аудан орталығында салынып жатқан 300 орындық орта мектеп пен 280 орындық балабақша бітуге таяп қалды. Бұл – Елбасының сарабдал саясатының жемісі. Тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі түзеліп, елдің әлеуметтік жағдайы жақсарып келе жатқанының көрінісі», - деді. Ауыл ақсақалы Әлжапар Кемелов мемлекет, облыс және аудан басшыларына ауыл тұрғындары атынан алғыс айтты. Медпункт заман талабына сай жабдықталған. Бөлмелері әрі жарық әрі жылы.

Мейірбек Мәтенов, журналист.

Жуалы ауданы.