Кесене аумағы күл-қоқыстан тазаланды
Кесене аумағы күл-қоқыстан тазаланды
Облыстық «Ақ жол» газетінің 12.07.2014 жылғы №103 санында «Тазалық табалдырықтан басталады» айдарымен жарияланған «Тектұрмас әулие кесенесі оны қоқыс тастайтын орынға айналдырмайық» атты мақала Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде қаралды. Тектұрмас әулие кесенесі аумағының санитарлық тазалық жағдайы бойынша қала әкімінің №4 аумақтық округ бас инспекторы мен «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС басшылығымен түсініктемелік жұмыстар жүргізілді. Бүгінгі таңда аталған округ бас инспекторы М. Мейірбековтің басшылығымен және «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-ның қоғамдық жұмысшылар күшімен Тектұрмас әулие кесенесінің аумағы мен оған барар жолдағы орын алған бей-берекет күл-қоқыстар тазаланды.
Қадірбек Демидбаев, Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы.