Жаһан

Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 71 жасқа дейін өсті - Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 71 жасқа дейін өсті - Нұрсұлтан Назарбаев

Соңғы алты жылда қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 66 жастан 71 жасқа дейін көтерілді. Бұл туралы бүгін «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» екі жаңа темір жол тармағының ашылу салтанатында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті. «Біз әйелдердің босануы кезінде қанша ана мен баладан айырылдық. Қазірде өлім-жітім күрт төмендеп, халық саны өсуде. Соңғы алты жылда қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 66-дан 71-ге дейін көтерілді. Бұл тәуелсіздік алған жылдардан бергі экономикамыздың жеткен басты жетістіктерінің бірі деуге болады», - деп атап өтті Н. Назарбаев. Президент төрт жыл бұрын 200 мың адам жүрекке ота жасатудың кезегінде тұрғандығын айтты. «Олар батыста ота жасату үшін 30 мың доллар таба алмады. Қазір облыс орталықтарында, ірі қалаларда сондай ота жасайтын кардиологиялық орталықтар салынды. Бұл мыңдаған адамдардың өміріне араша болды», - деп атап өтті Н. Назарбаев.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz