Жаңалықтар

Мал дәрігерінің «мәлімдемесі»

Мал дәрігерінің «мәлімдемесі»

Ауылдағы бір атамыз: «Ауырып тұр малым» деп, «Дәрің қайда, дәрің» деп? «Сиырым жатыр серейіп, Тұрмын соны мәлімдеп». Деп мал дәрігерге барыпты. Сонда әлгі жас мал дәрігер: «Ауырып тұрса малыңыз, Мынандай дәрі алыңыз. Бір сиыр серейді екен деп, Барамыз ба бәріміз. Өлсе, көке, мал өлсін, Аман болсын жаныңыз. Пышағыңызды өткірлеп, Осымен бәрі кеткір деп, Сойып ала салыңыз», – депті.   *    *    * Ауылда, жер-жерлерде, Осындайлар көбейді. Ондай дәрігерлерге, Ақсақалдар не дейді?   Ақтоты ЖАҢАБАЙ, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың студенті.