Жаңалықтар

«Өзіңіз бастап кеткен төбелес...»

«Өзіңіз бастап кеткен төбелес...»

Мақұлбек Байгелдиев Жамбыл ауданының әкімі болып тұрған кезде Ерназар ауылдық округінің мектеп оқушылары тәртіп бұзыпты. Анығын айтқанда төбелескен. Содан жиналыс болып, әлгі мәселе қаралады. Ерназар ауылдық округінің әкімі Ермек Әзімов деген кісі болса керек.

– Ереке, бұл қалай? Оқушылардың төбелесіне қалай жол бердіңіздер? – депті аудан басшысы. Сонда Ермек Әзімов:

– Маха, бұл өзіңіз бастап кеткен төбелес қой,

– деген екен.

Сөйтсе, аудан басшысы сол балалар бұзықшылық жасаған мектепте оқыған және балалықпен талай төбелестің ішінде жүрген көрінеді. Аудан әкімі сонда:

– Ой, мынау тауып кетті-ау! Сөз тапқанға қолқа жоқ. Сонда да оқушылардың тәртібіне абай болыңыздаршы, – деп басқа мәселеге көше берген екен.