Конституция – ел жаңғыруының негізі
Конституция – ел жаңғыруының негізі
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат МӘМИМЕН әңгіме
– 30 тамыз – еліміздің Конституциясы күні. Бұл күнді арнайы мемлекеттік мереке деп танып, ерекше атап өтудің маңызы неде? – Конституция – егемендігімізді әйгілейтін, азаттығымызды айқындайтын маңызды құжат әрі татулықты ту еткен елдігіміздің алтын қазығы. Ата Заңды құрметтеу, бұлжытпай орындау – алға қойылған биік мақсаттарға қол жеткізудің алғышарты. şirinevler escort
beylikdüzü escortşirinevler escortşirinevler escortbeylikdüzü escortesenyurt escortşirinevler escortbeylikdüzü escortşirinevler escortşirinevler escortbeylikdüzü escortesenyurt escortҚазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен республикалық референдумда қабылданған қолданыстағы Конституция елімізді демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітудің құқықтық негізін қалады. «Болмысын құқықпен айшықтаған, өмірін тәртіппен өргізген ел азбайды», деген дана сөз бар. Сондықтан бұл мемлекеттік мерекені белгілеу – еліміздің өркениетті құқықтық жолмен дамитынының белгісі. Бұл жолды таңдаған да, Ата Заңның мәтінінде қарастырылған мерекені бекіткен де биліктің бірден-бір бастауы – Қазақстан халқы. – Биыл Қазақстан мемлекеттілігінің дамуында жаңа кезең басталды. Бұл үрдістерде Негізгі Заңның рөлі қандай? – Бұл жыл еліміз үшін тарихи таңбалы оқиғаларымен ерекшеленді. Салиқалы халқымыздың сабырымен, биліктің сайлану салтымен Қазақстанда жоғарғы биліктің байсалды ауысуы орын алды. Ел Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. Бұл шаралар Конституция талаптарына қатаң сәйкестікте жүзеге асырылды. Ұлы халық өзінің алдына ұлы мақсаттар қояды. Қазіргі таңда қоғамды одан әрі демократияландыру, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру, құқық үстемдігін нығайту бойынша ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты күшейту үшін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды. Бұл процестер елімізде конституционализмді дәйекті түрде орнықтырудың жалғасы және Конституцияның ережелері мен талаптарын орындау болып саналады. – Құқық үстемдігін орнықтыруда Конституциялық Кеңес маңызды рөл атқарады. Онсыз қазіргі жағдайда конституциялық заңдылықты қамтамасыз ету мүмкін емес. Бұл міндеттерді орындау мақсатында Кеңес қандай шаралар қабылдауда? – Конституциялық Кеңестің қызметі елімізде құқықтық мемлекет принциптерін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл мақсатта жүйелі түрде жұмыс жүргізіліп келеді. Конституциялық Кеңес келіп түскен өтініштерді қарай отырып, құқықтық реттеудің ақауларын анықтап қана қоймай, оларды реттеу тәсілдерін ұсынып отырады. Осы уақытқа дейін кеңес өзінің кезекті жолдауында заңнаманы және оны қолдану тәжірибесін жетілдіру жөнінде бірталай ұсыныстар енгізді. – Нақты қандай ұсынымдар болды және олар қандай мәселелерге қатысты? – Айталық, Конституцияға сәйкес, адамның құқықтары мен бостандықтары тек заңмен ғана шектелуі мүмкін. Дегенмен қолданыстағы заңнамада азаматтарға жүктелген міндеттемелерді немесе кейбір мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану тетігін заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілермен реттеу әлі де кездеседі. Бұл жол жүрісі қағидаларына және басқа да құқықтық актілерге қатысты. Оларды аталған конституциялық ережелерге сәйкестігі тұрғысынан мұқият ревизиялау қажет. Тағы бір мысал. Жеке бас бостандығы – адамның маңызды конституциялық құқықтарының бірі. Оны шектеу тек ерекше және Ата Заңда көзделген жағдайларда ғана орын алуы тиіс. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ғана ұстауға болады. Мұндай санкцияны беру тәртібі тек заңда қарастырылуы керек. Сөйтсе де профилактика шарасы ретінде жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеуді санкциялау тәртібі, санкция беруден бас тарту негіздері заңнамада белгіленбеген. Адамды ел шегінен тысқары жерге шығарып жіберу кезінде және іс жүргізуде ұстау мерзімдерін қосымша заңнамалық реттеу қажеттілігі әлі де өз өзектілігін жойған жоқ. Бұл жайт еріксіз ұстау мерзімінің бұзылуына себеп болуы мүмкін. – Біздің білуімізше, бұған ұқсас мәселелер жеке сот орындаушыларына да қатысты қаралып еді? – Дұрыс айтасыз. Өткен жылы мұндай кемшіліктер атқарушылық іс жүргізуде табылған болатын. Конституциялық Кеңестің шешіміне сәйкес «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заң жаңа 35-1-баппен толықтырылды. Атқарушылық іс жүргізуде күштеп әкелуді қолдану тәртібі реттеліп, мемлекеттік органдар өкілеттіктерінің аражігі ажыратылды. – Конституциялық Кеңес меншік құқығын қорғау мәселелеріне тұрақты көңіл бөліп отырады. Бұл жолы да маңызды ұсыныстар айтылған. Олардың мәні неде? – Меншік құқығымен оған қол сұғылмаушылық кепілдіктері еліміздің экономикасын жаңғыртуда, инвестициялар тартуда және азаматтардың іскерлік белсенділігін көтеруде өте маңызды рөл атқарады. Осыны ескере отырып, көптеген елдерде мұндай құқықтық қатынастар конституцияның ережелерімен реттеледі. Конституциялық Кеңестің бірқатар шешімдері осы жайттардың мазмұнын ашуға бағытталған. Оларда меншік қатынастары әділдік қағидаттарының негізінде, азаматтық айналымға барлық қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз етіле отырып, реттелуі тиіс, деп атап өтілді. Алайда қолданыстағы заңдарда бұл құқықтық ұстанымдармен үйлеспейтін нормалар әлі де кездеседі. Мысалы, атқарушылық iс жүргiзуде өндіріп алушының сот орындаушысынан атқарушылық құжатты қайтарып алу құқысы еш шектелмеген. Бұл жағдай кредиторлардың өз құқықтарын теріс пайдалануына, атқарушылық іс жүргізудің созылуына және өндіріп алушы мен борышкер мүдделерінің конституциялық тепе-теңдігін бұзуға әкеп соқтыруы мүмкін. – Жаңа сайланған Президент құқық қорғау жүйесі және оның маңызды құрамдас бөлігі болып саналатын қылмыстық іс жүргізу мәселелеріне арнайы мән беріп отыр? Конституциялық Кеңестің бұған қосары бар ма? – Бұл мәселелер үнемі күн тәртібінде болуы тиіс. Кез келген мемлекетте құқық қорғау жүйесі үздіксіз жетілдіріліп отырады. Бізде де осы жылдар бойы барлық күш-жігер бір мақсатқа – адамның конституциялық құқықтарының тиісті іске асырылуы мен қорғалуына кепілдік беруге бағытталды. Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында маңызды міндеттер көзделген. Қазіргі уақытта жаңа ұсыныстар әзірлеу бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Олар осындай кепілдіктердің деңгейін одан да жоғары көтереді деп ойлаймын. Сұрағыңыздың екінші бөлігіне келсек, Кеңес өз тарапынан қылмыстық процесте жәбірленушілердің конституциялық құқықтарының кепілдіктерін арттыру қажеттігіне назар аударған орынды деп есептейді. Қылмыстық-процестік заңнамада жекеше айыптау қылмыстық істері бойынша жәбірленуші адам қайтыс болған жағдайда жақын адамдардың өтініштері бойынша жекеше айыптауды қозғау мүмкіндігін көздейтін нормалар жоқ. Сол себепті де Қылмыстық-процестік кодекске қажетті түзетулер енгізу орынды болар еді. – Әлеуметтік мемлекет конституциялық принципін орнықтыру саласында қандай мәселелер өзекті? – Конституциялық Кеңес өзінің шешімінде ана мен балдырғанның мүдделерін толыққанды қорғау қажеттігін айтқан болатын. Кеңестің бұл ұстанымын жүзеге асыру үшін «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне түзетулер енгізілді. Бірақ онымен тоқтап қалуға болмайды. Бастауы Конституцияның 27-бабының 1-тармағынан туындайтын, неке және отбасы, ана, әке және бала институттарына мемлекеттік қамқорлық жасаудың институтын үнемі жаңғыртып отыру керек. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру да орынды болар еді. Бұл процестер үздіксіз болып табылады және ел экономикасының өсуіне қарай халықты, әсіресе оның әлеуметтік жағынан осал топтарын мемлекеттік қолдау көлемі де артуы тиіс. – Соңғы уақытта митингілер мен жиналыстар жиі өткізіле бастады. Олардың құқықтық астары қандай? – Мұндай жария іс-шараларды өткізу мүмкіндігі Конституцияда көзделген (32-бап). Оның нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға құқылы. Сонымен қатар онда бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүддесінде заңмен шектелуі мүмкін деп белгіленген. Өздеріңізге мәлім, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев митингілер туралы заңнама жаңартылуға тиіс, деп мәлімдеді. Бұл тұрғыда прогрессивті шетел тәжірибелеріне сүйенуге болады. Осы жылдың маусым айында 119-шы жалпы сессиясында Венеция комиссиясы бейбіт жиналыстар бостандығы жөніндегі басшылық қағидаттарын бекітті. Бұл құжатта бейбіт жиналыстар бостандығы құқығы әртүрлі көзқарастары мен ұстанымдары бар азаматтар мен топтар бейбіт түрде өзара іс-қимыл жасай алатын, демократиялық, толерантты және плюралистік қоғамның негіздерінің бірі болып табылатыны атап көрсетілген. Ол пікір білдіру еркіндігімен, бірлесу еркіндігімен және мемлекет істерін басқаруға қатысу құқығымен және сайлау құқықтарымен байланысты екені айтылған. Солай бола тұра, халықаралық стандарттарда да жиналыстар мен митингілер өткізу құқығын шектеу мүмкіндігіне жол беріледі. Мұндай шектеулер заңдарда нақты көрсетілуі және заңды мақсатты, атап айтқанда, ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды көздеуі тиіс. Уәкілетті мемлекеттік органдар құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік үшін негізгі жауапкершілікті өздеріне қабылдап, жария іс-шараның бейбіт әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасауы тиіс. – «Конституция заңдарда өмір сүреді» деген сөз бар. Ата Заң ережелерінің толыққанды іске асуы заң шығарушының белсенділігі мен шығармашылық ұстанымына байланысты. Бұл бағытта ұсыныстар болды ма? – Бұл орынды көзқарас. Конституциялық Кеңес заңдардың сапасы мәселесін үнемі көтеріп отырады. Өзінің қорытынды шешімдерінде заңдар конституциялық талаптарға сай, әділ болуы, қоғамның сұрауларын, халықаралық стандарттарды ескеруі, ал оларда көзделген құқықтық шектеулер қажеттілік, өлшемділік және тепе-теңдік қағидаттарына сай болуы тиіс екенін бірнеше рет атап өткен. Осы міндеттерді шешу конституциялық құқықты түсіну деңгейімен тығыз байланысты. Конституцияны абстрактілі заң құжаты ретінде тар мағынада қабылдауға болмайды. Пәрменді Конституция – бұл заңдар және құқық қолдану практикасы. Бүгінгі таңда халықаралық тәжірибеде конституция бұл дамып тұратын құқықтық материя деген ұғым жалпыға танылған және ол «әрекет ететін (тірі) конституция» деп аталатын тұжырымдаманың негізін құрайды. Оны одан әрі жетілдіру оған түзетулер енгізу арқылы ғана емес, сондай-ақ конституциялық бақылау органдарының шешімдері негізінде де жүзеге асырылуы мүмкін. Конституциялық бақылау органдары конституциялық нормада қамтылатын терең құқықтық мағынаны ашып, оның мәтінін нақты әлеуметтік-құқықтық жағдайға сәйкес бейімдеуге уәкілетті. Көптеген заңгерлер құқық әрекетінің әлеуметтік мән-мәтіні тарихи өзгеріске ұшырайтынын мойындайды. Бірнеше жыл бұрын пәрменсіз болып көрінген ұсыныстар жаңа жағдайларда іске асырылуы мүмкін. Осыған байланысты Конституциялық Кеңес өзіне берілген өкілеттіктерді пайдалана отырып, ұсынылған бастамаларды іске асыруға өз үлесін қосуға дайын. – Сіз конституциялық-құқықтық сана-сезімді қалыптастыру жөнінде жиі айтасыз. Бұл неге байланысты? – Біздің барлық күш-жігеріміз Ата Заңның жоғары заң күшін және тікелей қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Алдымызда тұрған басты міндет – Конституция бойынша толыққанды өмір сүру. Мемлекеттік органдар және азаматтар Негізгі Заңға тиімді жұмыс істейтін құқықтық құжат ретінде қарауы қажет. Бұл үшін конституциялық дүниетанымды дамытып отыру керек. Осы мақсатта Конституциялық Кеңес «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасы шеңберінде, өскелең ұрпақ арасында конституциялық құқықтық сананы қалыптастыру және жалпыға бірдей заңға мойынсұнуды тәрбиелеу жөніндегі жұмысты бастап кетті. Жақында алғаш рет «Конституция апталығы» жобасына бастама жасадық, ол 26 тамыздан басталды. Осы жоба бүкіл ел бойынша конференциялар, дөңгелек үстелдер, тегін заң консультациялар, онлайн-талқылаулар, кәсіпкерлер арасында түсіндірмелер, тікелей эфирлер және конституциялық-құқықтық мәселелер бойынша басқа да іс-шаралар өткізуді көздейді. Республиканың барлық білім беру мекемелерінде жаңа оқу жылын Конституция сабақтарынан бастау жоспарланып отыр. Серіктес ретінде Білім және ғылым, Әділет министрліктері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, республикалық нотариаттық палата, адвокаттар алқасы, жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы және басқа да ұйымдар шақырылды. Келесі жылы Ата Заңның 25 жылдық мерейтойы атап өтіледі. Мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер осы тарихи оқиғаға дайындалуы, Ата Заңның арқасында қол жеткізілген жетістіктерді, сондай-ақ мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандық-патриоттың жоғары назарын талап ететін сын-қатерлер мен тәуекелдерді талдауы тиіс.
Әңгімелескен Жолдыбай БАЗАР.
(«Egemen Qazaqstan», 28 тамыз, 2019 жыл).