Мәдениет

Таразда «Евразия» циркі балаларға қайырымдылық кешін ұйымдастырды

Таразда «Евразия» циркі балаларға қайырымдылық кешін ұйымдастырды

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында Таразда «Евразия» циркі мүгедек, ата-аналарының қамқорылығынсыз қалған, тұрмыс жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар мен мамандандырылған мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері үшін тегін өнер көрсетті. «Цирк ұжымы «Астанадан - зор махаббатпен» деп аталатын жаңа бағдарламасын ұсынды, - деді Жамбыл облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілі Ирина Кислова - тараздық бүлдіршіндер таңғажайып цирк өнерін тамашалау мүмкіндігіне ие болды». Цирк өнерінің бағдарламасында әуе гимнасттары, акробаттар, арқан үстімен жүретіндер, сайқымазақтар, бишілер және т.б. болды. «Қазақстан Туымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының логотипімен шыққан белгілі Күнғожиновтар әулетінің шабандоздары кішкентай көрермендердің зор қошеметіне бөленді», - дейді И.Кислова.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz