Рубио-Головкин жекпе-жегінде WBC белдігі сарапқа салынбақ
Рубио-Головкин жекпе-жегінде WBC белдігі сарапқа салынбақ
Қазақстандық боксшы IBO/WBA чемпионы Геннадий Головкин қарсыласы Марко Антонио Рубионы жеңіп жатса, мексикалық WBC белдігіне ие болады және Мигель Коттомен жұдырықтасуға міндетті болады. Бұл туралы WBC президенті Маурисио Сүлейман мәлім етті, деп хабарлайды notifight.com. Уақытша белбеудің қазіргі иесі Рубио (59-6-1, 51KOs) жақында ғана Серхио Мартинесті 10-шы раунда техникалық нокаутпен жеңген толыққанды чемпион Мигель Коттомен (39-4, 32Kos) кездесуге міндетті үміткер болатын. «Біз Рубио-Головкин жекпе-жегі біріктіруші кездесу болады деп шештік, кеңестің ұйғарымы бойынша WBC уақытша белбеуі сарапқа салынады», - деді Сүлейман - Жекпе-жек жеңімпазы Коттоға қарсы тұрады. Бұл кездесу ұлы жекпе-жек болмақ және ол біздің кеңес үшін өте маңызды, бұл нұсқада әрдайым аңыз боксшылар чемпион атанған».
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz