Жаһан

Ә.Жақсыбеков атқарушылық және әкімшілік өндірістің жаңа үлгісіне көшу жөнінде кеңес өткізді

Ә.Жақсыбеков атқарушылық және әкімшілік өндірістің жаңа үлгісіне көшу жөнінде кеңес өткізді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысы міндетін уақытша атқарушы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен бірқатар мемлекеттік органдар мен ҚР Президенті Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелері басшылары қатысқан кеңес өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Жиын Қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізушілік, қылмыстық  атқарушылық және әкімшілік өндірістің жаңа үлгісіне көшу іс-әрекетінің бірыңғай мемлекеттік  жоспарын орындау мәселелеріне арналды. Кеңеске қатысушылар еліміздің құқық қорғау және сот жүйелері  қызметінің жаңа жағдайдағы нормативтік-құқықтық, қаржылық және ұйымдастыру-техникалық мәселелерін талқылады. Соның ішінде Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімін жасау; қызметкерлерді жаппай қайта оқытуды ұйымдастыру, оларды қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz