70 шақырым жүзіп өтіп, рекорд орнатты
70 шақырым жүзіп өтіп, рекорд орнатты
Грузин хореографы, 26 жастағы Русудан Гордезиани 23 сағат 15 минут ішінде еркін стильде 73 шақырым қашықтықты жүзіп өтіп, рекорд орнатты. Сөйтіп ол бұрынғы рекордтық көрсеткішін 13 шақырымға ұзартты. Бойжеткен Сарпиден бастап (Аджариядағы елді мекен) Анаклия бағытына (Грузияның батысындағы курортты қала) қарай жүзіп өткен. Русудан Гордезианидің айтуынша, «бұл Грузияның аумақтық біртұтастығы үшін күрескен жандарға және Грузияны сүйетіндерге арналады».