Лондонда Қазақстанның Бейбітшілік және келісім орталығы ашылады
Лондонда Қазақстанның Бейбітшілік және келісім орталығы ашылады
26 тамызда Ұлыбританияның Лондон қаласында Қазақстанның Бейбітшілік және келісім орталығының ашылу салтанаты өтеді. Орталықтың ашылуы - этносаралық толеранттық және қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін танытуға, мемлекетаралық қарым-қатынастарды нығайтуға, саяси, сауда-экономикалық және білім беру, мәдени ынтымақтастықтың басым секторларында екіжақты қарым-қатынасты кеңейтуге бағытталған. Ашылу салтанатына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, Ұлыбритания Парламентінің Қауымдар палатасының депутаты сэр Тони Болдри және британдық инвесторлар, ғалымдар, екіжақты ынтымақтастық туралы келісімдер шеңберінде қарым-қатынас жүргізетін компания өкілдері қатысады.