Жаһан

Қазақ тіліндегі корей ертегілері кішкентай оқырмандарға жол тартпақ

Қазақ тіліндегі корей ертегілері кішкентай оқырмандарға жол тартпақ

22 тамыз күні Астанадағы Корей елшілігіне қарасты «Корей мәдениеті» орталығында «Фолиант» баспасы басып шығарған «Корей ертегілері» кітабының тұсаукесері болады. Корей тілінен қазақшаға алғаш аударылып, оқырманға ұсынылып отырған кітаптың авторы есімі елімізге танымал бола бастаған шығыстанушы, аудармашы Дастан Ақаш. Қазақстан мен Корей елінің арасындағы мәдени-экономикалық байланыстар уақыт өткен сайын жаңа деңгейге көтеріліп келе жатыр. Осы орайда екі елдің мәдени өміріндегі ұқсастықтар жиі айтылуда. Тамыры тереңде жатқан бұл ұқсастықтар кітапқа енген корей ертегілерінің әрқайсысынан айқын аңғарылады.