Жамбылда не жаңалық?

Шу

Шу

Аудандық мәдениет үйінде дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. Онда аудандық білім бөлімінің басшысы К.Қожағаппанова өткен оқу жылындағы атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасап, 2014-2015 оқу жылындағы маңызды шаруаларға тоқталды. Жиында мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, ардагер ұстаздар тәрбие мен білім мәселелері турасында ой бөлісті. Кеңестің күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша ардагер ұстаздарға сый көрсетіліп, білім бөлімінің бірқатар қызметкерлері аудан әкімінің және аудандық мәслихаттың Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталды.