Ат тестациялау алға жетелейді

5

Білім берудің орта сатысында жалпы мектептер бес күндік оқу жүйесін енгізіп, сыныптар кезең-кезеңімен жаңартылған оқу бағдарламасына көшіп жатқаны мәлім. Соған сәйкес мұғалімдердің 70-87 пайызы осы бағдарлама бойынша дайындық курстарында білімін жетілдірді.
Жалпы отандық оқу жүйесінде білім саласы қызметкерлерінің біліктіліктерін арттырудың бірнеше кезеңдік формасы қалыптасқан. Педагогтерді аттестациядан өткізудің жаңа жүйесі енгізілгеніне де көп уақыт өте қойған жоқ. Бұл – білім берудің сапасын арттыру мақсатында қолға алынған жоспарлы шаралардың бірі.
Педагогтардың республикалық Тамыз кеңесінде Білім және ғылым министрі жаңартылған оқу бағдарламасына көшуді жалғастыру керек екенін баса айтты. Жалпы биыл 4, 9, 10- сыныптар осы жүйеге көшуі тиіс. Ал келесі жылға қалып отырғаны – 11-сынып. Сонымен 2021 жылы білім берудің жаңартылған мазмұны оқытудың орта сатысына толықтай енгізілетін болады.
Жиында кейбір пәндердің оқытылуына қатысты пікір білдірген министр кәсіби бағдар беретін пән 7-сыныптан басталу керектігін ескертті. Енді алдағы уақытта осы бағытта нақты шаралар қабылданатын болады.
Рас, бүгінде шағын жинақты мектептерде бір мұғалім 5-6 пәннен сабақ беріп отыр. Бұл жерде сапа туралы айтудың өзі артық. Мұндай мәселелер, негізінен ауылдық мектептерде бар. Сондықтан алдағы уақытта мұндай мектептердің қаржыландыру жүйесі қайта қаралатын болады. Сонымен қатар ауылдық жерлерде кадрлар тапшылығын қысқарту үшін «мобильді мұғалім» қанатқақты жобасын енгізілмекші.

Лэлла САМЕНБАЕВА,
Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектептің мұғалімі.

Тараз қаласы.

Comments are closed.