Жаңалықтар

«Аспандағы айқасқа аттанған екенсің ғой»

«Аспандағы айқасқа аттанған екенсің ғой»

Көбіне үйге «көңілденіп» келіп жүрген Есекеңе (ақын Ескермес Ескендіров) деген іштей наразылығын зайыбы Тамара суықтау қабақпен сездіреді. Диван үстінде шалқайып, бір кішігірім кітапты парақтап Есекең жатады. Арада үнсіздік болғанмен, жүйкені жұқартатындай ауан бар екенін сезген Есекең бір жөткірініп қойып: – «Аспандағы айқас» деген кітапты оқып жатырмын, – депті мұқабадағы түтіндеп төменге құлап бара жатқан неміс самолеті мен жұлдызды совет самолеті салынған суретті көрсетіп. Сол кезде іштей ширығып тұрған Тамара: – Е, онда дұрыс болыпты, жердегі шайқастан шаршаған соң, енді аспандағы айқасқа аттанған екенсің ғой, – деген екен.

Пернебай Дүйсенбин.