Саясат

Беларусь, Қазақстан, Ресей, Украина президенттерінің кездесуі 26 тамызда Минскіде өтеді

Беларусь, Қазақстан, Ресей, Украина президенттерінің кездесуі 26 тамызда Минскіде өтеді

Еуроодақ өкілдерінің қатысуымен Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина президенттерінің кездесуі 26 тамызда Минскіде өтеді.

Бұл туралы беларусь көшбасшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Соңғы бірнеше апта бойы өткен Кедендік одақ мемлекеттері және Украина басшылары консультацияларының қорытындысы бойынша 26 тамызда Минскіде Еуроодақ өкілдерінің қатысуымен Беларусь, Қазақстан, Ресей, Украина президенттерінің кездесуін өткізу жөнінде шешім қабылданды.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz