Жаһан

Қазақстандықтар Конституция күніне орай үш күн демалады

Қазақстандықтар Конституция күніне орай үш күн демалады

Конституция күніне орай 30-31 тамыз және 1 қыркүйек  демалыс күндері болмақ. «Мерекелер туралы» ҚР Заңына сәйкес демалыс пен мерекелі күндер тұспа-тұс келсе, мерекеден кейінгі жұмыс  күні демалыс күні болмақ. Биылғы жылы Конституция күні 30 тамызда, сенбі күні аталып өтіледі. ҚР Конституциясы  күні - мемлекеттік мереке, сондықтан да заңнамаға сәйкес мерекелі күн болып есептеледі. Мерекелі күндер жұмыс жасамайтын күн болып саналады.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz