Спорт және туризм

Лондонда футболдан ҚР Конституциясы күніне арналған турнир өтті

Лондонда футболдан ҚР Конституциясы күніне арналған турнир өтті

Лондонда «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендианттарының арасында футболдан Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған турнир өтті, деп хабарлайды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметінен. Футбол ойындарына Ұлыбританияның қазақстандық студенттік ұйымдарының көшбасшылары мен белсенділері, London, Reading, Colchester, Norwich, Southampton, Bath және Newcastle университеттерінің «Болашақ» бағдарламасының степендиаттары қатысты. Барлығы турнирге бес футбол командасы қатысты. «Болашақ» бағдарламасының степендиаттарын қолдауға Ұлыбританияның түлі қалаларынан жанкүйерлер келді, олардың ішінде бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев та бар. Brunel университетінің «болашақтықтары» футбол турнирінің жеңімпаздары атанды. Екінші орында Colchester университетінің, үшінші орында Reading университетінің степендиаттары болды. Бұдан басқа, жарыс шеңберінде үздік қақпашы, үздік шабуылшы, үздік қорғаушы анықталды. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның вице-президенті И.Мамашева командаларға шараға белсенді қатысқандықтары үшін алғыс білдірді және қатысушыларды грамоталармен, естелік кубоктармен марапаттады. Жастар арасында спорттық шараларды, атап айтқанда, «болашақтықтар» арасында фтубол турнирін өткізу белсенді де ұтқыр әлеуметтік топ - студенттік жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және дамытуға бағытталды. В Лондоне прошел футбольный турнир, посвященный Дню Конституции Казахстана В Лондоне прошел футбольный турнир, посвященный Дню Конституции Казахстана

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz