Жамбыл облысының Байзақ, Жамбыл аудандарының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы
Жамбыл облысының Байзақ, Жамбыл аудандарының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI және Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ: 1. Жамбыл облысы Байзақ ауданының шекарасына Жамбыл ауданының Қызыл жұлдыз ауылдық округінің 364,0 гектар жерлерін қосу арқылы Байзақ ауданының әкімшілік-аумақтық шекарасы ұлғайтылып, Жамбыл ауданының әкімшілік-аумақтық шекарасының аумағы 364,0 гектар жер көлеміне кемітіліп өзгертілсін. 2. Осы нормативтік-құқықтық актінің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың аймақты, әкімшілік – аумақтық құрылымы, ауылшаруашылығын дамыту мәселелері және жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына және облыс әкімінің орынбасары М.Жолдасбаевқа жүктелсін. 3. Осы нормативтік-құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі К. Көкрекбаев
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы
Облыстық мәслихат хатшысы Б.Қарашолақов