Саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық
Саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы – саяси реформа мен экономикалық жаңғыру үдерістерінің басталғанының кепілі. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады. Қазақстан Республикасының интеллектуалдық дәрежесінің жоғарылауына үлесін қосты. Рухани жаңғыру – әрбір жеке тұлға үшін оның тәрбиесі, ұлттық сана-сезімі, ұлттық рухани тамырынан нәр алған құндылықтары мен жаһандық өзгерістерді дұрыс бойына сіңіруі. Бәсекеге қабілетті деп қазіргі қазақ қоғамында мәдени құндылықтарды бойына сіңірген, үш тілді жетік білуге ұмтылған және жаңа әдістер мен технологияға толеранттылықты сақтай алатын буынды айтады. Мақалада Елбасы «Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеуді көрсетіп отыр» деді. Бiз қайта түлеудiң айрықша маңызды екi процесi – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Бiздiң мақсатымыз айқын, бағытымыз белгiлi, ол – әлемдегi ең дамыған 30 елдiң қатарына қосылу. Аталған екi жаңғыру процесiнiң де нақты мақсат-мiндеттерi, басымдықтары мен оған жеткiзетiн жолдары бар. Бiрақ ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрiн, яғни болашаққа сенiмдi нығайтып, алға бастайтын қасиеттердi де, кежегесi керi тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттердi де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық. Қанымызға сiңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгертпейiнше, бiздiң толыққанды жаңғыруымыз мүмкiн емес. Нақты мақсатқа жетуге, бiлiм алуға, саламатты өмiр салтын ұстануға, кәсiби тұрғыдан жетiлуге басымдық бере отырып, осы жолда әрнәрсенi ұтымды пайдалану – мiнез-құлықтың прагматизмi деген осы. Бұл – заманауи әлемдегi бiрден-бiр табысты үлгi. Ұлт немесе жеке адам нақты бiр межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде ұмтылмаса, ертең iске аспақ түгiлi, елдi құрдымға бастайтын популистiк идеологиялар пайда болады. Экономиканың кәсiптiк сипаты бұрын-соңды ешбiр дәуiрде мұншама жедел өзгермеген. Бұдан сабақ ала бiлмесек, тағы да тарихтың темiр қақпанына түсемiз. Ендеше, эволюциялық даму қағидасы әрбiр қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға тиiс. Бiрақ қоғамның эволюциялық дамуы қағида ретiнде мәңгi тұмшаланудың синонимi емес. Қоғамдық сана жаңғырудың негiзгi қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бiрге, бiздiң заман сынағына лайықты төтеп беруiмiзге қажеттi нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етедi. Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде. Индустрияландыру бағдарламасы табысты іске асуда. «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданды. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары жасалды. Кәсіпорындарымызды жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған, өнімнің экспортқа шығуын көздейтін жаңа құралдарды әзірлеп, сыннан өткізіле бастады. Астанада өткен ЭКСПО-2017 көрмесі баламалы, «таза» энергия саласындағы дамудың қаншалықты қарқынды екенін көрсетті. Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуда. Салынатын және салынған үйлер мен инфрақұрылымдық нысандарды интеллектуалды басқару жүйелерімен жабдықталуда. Мемлекет қарапайым азаматтардың мүдделерін қорғауға одан әрі кепілдік берді. 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты бағыты жасалды. Мемлекетіміз барлық экономикалық салада үлкен жетістіктерге жетіп ендігі бағыт рухани жаңғыруды жоғары биікке жеткізуіміз қажет, ол келешек ұрпаққа деген басты міндетіміз!
Берік ИМАНАЛИЕВ, аудандық соттың жетекші маманы.
Жуалы ауданы.