Әлеумет

«Альфа» алғыр ит екен

«Альфа» алғыр ит екен

Көліктегі ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы мен Шу стансасындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері «Шу-Тәтті» өткелінде «Альфа» лақап атты қызметтік-іздестіру итінің көмегімен облыстың 28 жастағы тұрғынын ұстады. Тексеру кезінде одан салмағы 304 кило болатын «кептірілмеген марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді. Осы дерек бойынша ҚК-нің 259-бабының 1-1-бөлігі, яғни есірткі заттарын өте ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Ақ жол-Ақпарат».