Шашын қызғылт сары түске бояған оқушыларға тыйым салынды
Шашын қызғылт сары түске бояған оқушыларға тыйым салынды
АҚШ-та оқудың бірінші күні он алты жастағы қызды шашының түсі қызғылт сары болғаны үшін мектепке кіргізбеген.
Алабама штатындағы мектеп басшылығы оған шашының түсі сыныптастарының назарын аударады деп түсіндірген. Мектеп директоры осындай себеппен тағы бірнеше қызды үйлеріне қайтарып жіберген. Хайли сияқты қыздардың көбіне сабаққа бару үшін шаштарының түстерін өзгертуге тура келді. Бір қызығы, оқушы қыз шашын соңғы үш жыл бойы осындай түске бояп жүрген. Алайда сол уақытта мектеп әкімшілігі оған ешқашан ескерту жасамаған.