Жаһан

Жекешелендіру үрдісі қарқын алмақ

Жекешелендіру үрдісі қарқын алмақ

Қазақстанда жекешелендіру үрдісі қарқын алуда. Жүргізіліп жатқан алғашқы сауда-саттықтар сатылуға қойылған отандық бизнес құрылымдарына деген қызығушылықтың артқанын көрсетуде.

Еске сала кетейік, 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес бәсекелестік ортаға берілуге жататын субъектілердің тізбесінде 782 мемлекеттік сектор ұйымдары бар, оның 380-і қайта ұйымдастырылады немесе жойылады. 782 жекешелендірілген ұйымдардан 2014 жылы жекеменшік секторға – 101 ұйым, 2015 жылы - 50, 2016 жылы – 26 нысан шығарылады.