Облыстық мәслихат депутаттарының назарына
Облыстық мәслихат депутаттарының назарына
Бесінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс XXVІІІ-сессиясы 2014 жылдың 22 тамызында облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 11.00-де келесі күн тәртібімен өтеді: 1. Жамбыл облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі; 2. «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 18 желтоқсандағы №20-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 3. Бесінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихаттың жиырма тоғызыншы сессиясының төрағасын сайлау туралы. * * * Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) 2014 жылдың 22 тамызында сағат 10.00-де өтеді. * * * Депутаттарды тіркеу 2014 жылдың 22 тамызы күні сағат 10.00-де басталады.
Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Қарашолақов