Әлеумет

Алаңшаның құрылысы неге бітпей қалды?

Алаңшаның құрылысы неге бітпей қалды?

«Aq jol» газетінің №52 нөмірінде облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің спорт алаңшаларын салу жөнінде өткізген басқосуынан ақпар берілген еді. Материалды оқи отырып, қолыма қалам алуға тура келді. Неге десеңіз, былтыр Тараз қаласының 6-ықшам ауданына қарасты нөмірі 9 және 12-үйдің арасына шағын футбол алаңы салынып жатқанын көріп, тұрғындар қуанышқа кенелген еді. Бірақ қуаныштары ұзаққа созылмады. Себебі жан-жағы темір тормен бекітіліп, құм аралас шағалтас төгіле бастаған алаңшаның сол жұмысы тоқтағанына биыл екінші жыл. Қазір тіпті темір торлары да быт-шыты шығып, жарамсыз күйге түсуде. Ал осы маңға жақын «Зербұлақ» көлінің солтүстік-батыс жағында орналасқан шағын футбол алаңшасын көріп, жазғы каникулда ойнайтын жер таппай қынжылған «Талас» шағын ауданының жас жеткіншектері бізде де осындай болса ғой деп қызығады. Сондықтан олардың ата-аналары да тиісті мекемелер аяқсыз қалдырған жұмысын қайта қолға алып, тезірек бітіріп берсе екен дейді.

Барат МЫҢБОСЫНОВ, зейнеткер.

Тараз қаласы.