Саясат

Бұл – қоғам талабынан туындаған сұраныс

Бұл – қоғам талабынан туындаған сұраныс

Ұлттық қоғамдық кеңес құру идеясы – қоғамның талабына сай туындаған сұраныс десек, артық айтпаймыз. Қазір шын мәнісінде халық пен биліктің арасындағы алтын көпірге айналар ашық алаң қажет. Уақыт билікке осы мәселені тездетіп қолға алуға итермеледі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылатынын мәлімдеп, бұл түйткілді мәселелердің түйінін тарқататын, халықтың озық идеялары мен ұсыныстарын бір арнаға тоғыстыратын алаң болатынын айтты. Бұл халық пен биліктің арақатынасындағы түрлі жайттарды реттеп отыратын кеңес болмақ. Жаңа құрылым билік пен қоғам арасында диалог орнату үшін құрылды. Байқауымша, кеңеске мүшелікке ел мүддесін ойлайтын, халықтың жай-күйін жақсы түсініп, білетін азаматтар жиылған. Алдағы уақытта оның құрамы күшейе түсетініне сенімдімін. Заманның ағымы, уақыттың жүйріктігі қоғамды сәт сайын сан алуан күйге енгізіп отыр. Пікір алмасу, хабар тарату мүмкіндіктерінің артқаны азаматтардың өз көзқарасын еркін білдіріп, дүниетанымын кеңейтіп, санасын сергітуде. Міне, сондықтан да азаматтық қоғамды дамытуға ерекше назар аударып, биліктің халық алдындағы жауапкершілігін арттыру қажет. Аты айтып тұрғандай, қоғамдық кеңес – қоғамдағы келеңсіздіктерді шешуге, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап тиісті шаралар қолдануға ықпал етуі тиіс. Міне, сонда ғана кеңес өзіне жүктелген міндетті толық атқарып шығатынына бек сенемін.

Абдурахман Зайнутдинов, «Өзбек» этномәдени бірлестігінің төрағасы.

Тараз қаласы.