Люминесцент ті энергия жинақтаушы шамдар – жарықтың жаңа көзі
Люминесцент ті энергия жинақтаушы шамдар – жарықтың жаңа көзі
Люминесцентті шам – электр разрядтың сынап буынында ультракүлгін сәулеленуді тудыратын және люминор көмегімен көрінетін, жарыққа айналатын электроды бар түтік. Осындай шамдарды аурухана, кеңсе, мектеп және әлеуметтік маңызды нысандарды жарықтандыру үшін қолданады. Люминесцентті энергия жинақтаушы шамдардың негізгі артықшылығы – үнемділігі және жарықтың жағымды спектралдық құрамы. Оның сәулелену ағымы адам ағзасына жағымсыз әсер етпейді. Күндізгі жарық шамдардың классикалық шамдарға қарағанда артықшылығы аз емес, бірақ қолданыстан шыққаннан кейін оларды жою мәселесі туындайды. Люминесцентті шамдарды қолданудың мерзімі аяқталғаннан кейін оларды міндетті түрде жою керек. Әрбір шам құрамында 3-тен 5 мг-қа дейін улы қалдықтардың бірінші класына жататын зат-сынап бар. Сынап әйнек түтікте нығыз оқшауланған. Сондықтан да токсикология жағынан қарағанда осындай шамды қолдану қауіпсіз. Улы заттың қоршаған ортаға бөлінуі тек техникалық зақымдану жағдайында ғана болуы мүмкін. Сондықтан да шамдар ерекше жоюды талап етеді. Энергия жинақтаушы шамдарды қоқысқа және қатты қалдықтарды жинайтын көшедегі контейнерлерге тастауға болмайды. Дұрыс жойылмаса, темірдің қоршаған ортаға түсуіне әкеледі (топырақ, су, ауа). Ғылымда сынаптың балалардың денсаулығына, әйелдердің репродуктивті функциясына және еркек денсаулығына жағымсыз әсері дәлелденген. Атмосферадан түскен сынап ана сүтіне енетін және сүт арқылы нәрестенің қанына өте алатын қабілетке ие. Жалпы, сынап буымен уланғаннан кейін бірнеше сағаттан соң жалпы әлсіздік, тәбеттің болмауы, бас ауыру, жұтқан кезде ауыру сезімі пайда болады. Сирек жағдайда өкпенің қабынуы, жоғарғы тыныс алу жүйесінің катары, кеуденің ауыруы, жөтел, ентікпе, кейде қалтырау байқалады. Дене температурасы 38-40 °С-ге дейін көтеріледі, ауру адамның зәрінде көлемді мөлшерде сынап табылады. Өте күрделі жағдайда бірнеше күннен кейін өлім болуы мүмкін. Егер де сізде шам немесе градусник жарылған болса онда демеркуризациялық шаралар жүргізу қажет. Демеркуризация – адамдар мен жануарлардың улануын болдырмау мақсатында сынап және оның қосындыларын физика-химиялық немесе механикалық әдістермен алып тастау болып табылады. Демеркуризацияның бірнеше әдісі бар: ауаны тазарту, тез арада адамдарды (персонал) және жануарларды бөлмеден шығаруды ұйымдастыру. Сосын барлық есіктер мен терезелерді ашу керек. Ауаның алмасуы сынап мөлшерін шекті нормасына дейін азайтады. Сынапты жинауды тағы механикалық әдіспен жүзеге асыруға болады. Оның негізгі мақсаты – зақымдалу көзін жою. Жинауды сынаптың тыныс алу жолына түсірмейтін қорғаныс заттарды қолдана отырып жүргізу керек. Қорғаныс заттары ретінде респиратор немесе мақта-дәкелік таңуды қолдануға болады. Жарылған шаммен жүргізілген шаралар резина қолғаппен жүргізілуі тиіс. Жиналған сынап пен әйнекті контейнер немесе жабылатын қақпағы бар банкіде ұстау керек. Полиэтилен сынап буының таралуына жол бермейді. Онымен тері заттарды, палас пен кілемдерді қаптауға болады. Сынаппен ластанған жерлерді жуып, 6 сағатқа қалдыру керек. Соңынан ол жерлерді сабын ерітіндісімен шайып шығу керек. Осы процедураны бірнеше рет қайталау қажет. Марганцовканың орнына спиртте еритін йод және хлоры бар жуу заттарын қолдануға болады. Құрамында сынап бар қалдықтар жиналған банканы қоқысқа лақтыруға болмайды. Зақымдалған құрамында сынап бар шамдар денсаулыққа өте қауіпті. Өздеріңіздің денсаулықтарыңызды және сізді қоршаған адамдардың денсаулығын сақтаңыздар!
Дилорам САДЫХОДЖАЕВА, Тараз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы.