Жаңалықтар

Білім саласын дамытудың мемлекет тік бағдарламасы әзірленуде

Білім саласын дамытудың мемлекет тік бағдарламасы әзірленуде

Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің қазіргі жұмыстары, негізгі бағдарламалық құжаттардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде мәлімет берілді. Асхат Аймағамбетов Білім саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының әзірлену барысы туралы баяндады. Қазақстан Президенті жаңа мемлекеттік бағдарламаның мазмұны мен осы құжатта шешілуге тиісті міндеттер жөнінде өз ұсыныстарын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев министрге ұлттық университеттердің ректорларын конкурстық негізде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен тағайындау туралы нормативтік құжаттар дайындауды тапсырды.