- Advertisement -

Финляндия президентімен Украина ахуалын талқылады

62

- Advertisement -

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия президенті Саули Ниинистёмен телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы ахуалды талқылады.
Әңгіме барысында Украинадағы ахуал жөнінде пікір алмасылды. Қантөгісті, әсіресе бейбіт тұрғындардың арасындағы қантөгісті тоқтатудың және Украина дағдарысы бойынша келіссөздер үдерісін бастаудың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, екі елдің көшбасшылары Қазақстан мен Финляндия ынтымақтастығының өзекті мәселелері мен даму перспективалары жайлы сөз қозғады. Бұған дейін Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің Украинаның оңтүстік-шығысындағы ахуал мен Батыс елдерінің Ресейге қатысты санкцияларын телефон арқылы талқылағаны хабарланған болатын. Сөйлесу кезінде «Еуразиялық үштік» пен Украина тарапының Минскіде кездесуі мүмкін екені айтылды.
Өткен аптада Назарбаев Владимир Путинмен және Александр Лукашенкомен де телефон арқылы сөйлесті. Қазақстан мен Беларусь басшылары Ресей мен басқа елдердің және халықаралық ұйымдардың Украинадағы жанжал аймағындағы бейбіт тұрғындарға көмек көрсету жөніндегі қадамдарына қолдау білдірді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support