Саясат

Қазақстан мен Финляндия көшбасшылары ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылады

The final spritzer

Қазақстан мен Финляндия көшбасшылары ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында екі елдің көшбасшылары Қазақстан-фин ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, мемлекет басшылары Украинадағы жағдай жөнінде пікір алысты. Қантөгісті, әсіресе бейбіт тұрғындар арасында тоқтату және украин дағдарысы бойынша келіссөздер үдерісін бастаудың маңызды екені атап өтілді.

 Ақпарат көзі: www.kazinform.kz