- Advertisement -

Елордалықтарға 230 тоннадан астам өнім ұсынылды

42

- Advertisement -

Үстіміздегі жылдың 13-14 шілде күндері елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында жамбылдық шаруалар өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Осыған орай облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласының 90-нан астам тауар өндірушілері елордаға тауарларын жеткізген еді. Олардың қатысуымен ел астанасы айналасында азық-түлік белдеуін құру, өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақстан» спорт кешені алаңында өткен іс-шара барысында жамбылдық тауар өндірушілер тарапынан жалпы құны 110,6 миллион теңгені құрайтын 230,6 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды. Оның ішінде жылқы, сиыр, қой және тауық еті – 30, шұжық – 5, сүт өнімдері – 19, кондитерлік тағамдар – 1,5, макарон өнімдері – 5, қант – 15, тұз – 0,5, балық – 5, өсімдік майы – 6, бал – 2,5, кептірілген жеміс – 2, жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері – 142,1 тонна, жұмыртқа 5 мың дана.
Жәрмеңке барысында тауарлар нарықтағыдан 20 пайызға төмен бағада өткерілді. Бұл елорда тұрғындары мен қонақтары үшін азық-түлік өнімдерін мейлінше қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берді.
Жәрмеңке өтетін аумақта ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылумен бірге Жамбыл өңірінің мәдениеті мен дәстүрі насихатталып, өңір көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылды.
– Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы қолжетімді болды. Өнімдері де сапалы екен. Осы күн жамбылдық шаруалардан қой етін сатып алдым. Сондай-ақ әулиеаталық өнерпаздардың өнерін де тамашаладық, – дейді Нұр-Сұлтан тұрғыны Ерболат Барлықов.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support