Жаһан

Ш. Ниязбековтің жарқын бейнесі тәуелсіз еліміздің жадында мәңгі қалады - ҚР Президенті Н. Назарбаев

Ш. Ниязбековтің жарқын бейнесі тәуелсіз еліміздің жадында мәңгі қалады - ҚР Президенті Н. Назарбаев

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ өнерінің көрнекті өкілі, суретші Шәкен Ниязбековтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев Ш. Ниязбековтің отандық көркем өнердің дамуына, туған елінің өркендеуіне зор үлес қосқан тұлға екендігіне тоқталған.

«Тума талант ретінде ол жұмыстарын патриоттық рухта жазды. Оның Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы болуы - өз Отанын шексіз сүйгендігінің көрінісі», - делінген жеделхатта.

 Ақпарат көзі: www.kazinform.kz

Соңында Мемлекет басшысы суретшінің жарқын бейнесі тәуелсіз еліміздің жадында мәңгі қалатынын атап өткен.