Мойынқұм
Мойынқұм
Дін мәселелері бойынша құрылған ақпараттық-насихаттық топ Бірлік, Кеңес, Қылышбай ауылдарында тұрғындармен кездесті. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында құрылған аталмыш топ аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, аудандық мешіт, ардагерлер мен жастар және ауыл әкімдерінен құралған. Кездесулер барысында халықтың діни сауатын арттыру бойынша баяндамалар жасалып, ақпараттық-насихаттық топ мүшелері тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.