Облыстық мәслихат депутаттарының назарына

9

Алтыншы шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, отыз жетінші сессиясы 2019 жылдың 17 шілдесінде облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 11.00-де келесі күн тәртібімен өтеді:
1. Жамбыл облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындауы жөнінде есебі туралы.
2. «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы №30-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3. «Жамбыл облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2018 жылғы 19 қарашадағы №28-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4. Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі туралы.
5. «Облыстың поселкелері, ауылдары (селолары) мен ауылдық (селолық) округтерінің әкімшілік-аумақтық құрылымын ретке келтіру туралы» Жамбыл облыстық мәслихаты мен Жамбыл облысы әкімінің 1997 жылғы 28 наурыздағы №365 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
6. Жамбыл облысында жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы.
* * *
Облыстық мәслихат тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) 2019 жылдың 17 шілдесінде сағат 9.30-да өтеді.
* * *
Депутаттарды тіркеу 2019 жылдың 17 шілде күні сағат 9.00-де басталады.

Comments are closed.