Басты жаңалық

Математика бойынша ең атақты Филдс сыйлығын алғаш рет әйел алды

The final spritzer

Математика бойынша ең атақты Филдс сыйлығын алғаш рет әйел алды

Математика бойынша әлемдегі ең танымал (атағы Нобель сыйлығымен пара-пар) Филдс сыйлығын 78 жылдық тарихында алғаш рет әйел адам еншіледі. Оның есімі – Мириам Мирзахани. Иранда туған. 2008 жылдан бері Стэнфорд универ-ситетінде (АҚШ, Калифорния) сабақ береді. Профессор. «Филдс» 4 жылда бір рет 40 жасқа дейінгі ғалымдарға берілетін математика ғылымының ең жоғарғы сыйлығы. Оның жүлдесі 15 мың Канада долларын құрайды (1 Канада доллары - 0,92 АҚШ долларына тең). Жеңімпаз өзінің бұл жеңісі жас ғалым қыздарды қуаттандырып, ғылымға деген қызығушылығын арттыра түседі деп сенім артатынын айтты.