Хакерлер Медведевтің Twitter аккаунтын бұзды
Хакерлер Медведевтің Twitter аккаунтын бұзды
Хакерлер Twitter микроблогтар сервисіндегі премьер-министр Дмитрий Медведевтің орыс тілді аккаунтын бұзды. 14 тамыз күні таңертең белгісіз біреулер Медведевтің атынан бірнеше ақпарат жариялаған.
Алғашқы күмәнді жазба Мәскеу уақыты бойынша сағат 10 шамасында жарияланды. «Мен отставкаға кеттім. Үкімет жұмысы үшін ұят. Кешіріңіздер» делінген онда. Хакерлер екі-үш минуттан кейін тағы бір твит жариялаған. Бұзақылар онда премьер-министр атынан «еркін фотограф боламын» деп жазған. Министрлер кабинетінің баспасөз қызметі аккаунттың бұзылғаны туралы ақпаратты растады.