Басты жаңалық

Шетелдегі қазақстандық студенттер қазақ тілін дамытудың жобасын іске қоспақ

Шетелдегі қазақстандық студенттер қазақ тілін дамытудың жобасын іске қоспақ

Қытайдағы қазақстандық студенттер «Жайдарман» немесе «Қазақша КВН» жобасын «Alemzhastary.kz» бірыңғай жаһандық студенттер желісі арқылы дамытып, қазақ тілінің дамуына үлес қоспақ. Бұл жоба шетелде білім алып жатқан қазақстандық студенттердің ІІІ слетінде таныстырылды.

Жоба авторы, Қытай студент жастарының көшбасшысы Тілектес Адамбековтің айтуынша, олар биылдың өзінде Қытай Халық Республикасының 5 қаласында қазақстандық студенттер арасында осындай ұлттық әзіл-қалжың турнирін өткізіпті. Оған 500-ге жуық жас қатысқан.