Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Облыстық әділет департаментінің ағымдағы жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы брифинг өтті. Онда департамент басшысының міндетін атқарушы Дәурен Дайрабаев баяндама жасады. Спикердің есебіне сүйенсек, осы уақыт ішінде ҚР ӘҚбтК-нің 460-бабына сәйкес, барлығы 1 129 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, 1 073 125 теңгенің айыппұлы салынған. Есепті кезенде «Аяқталған атқарушылық өндiрiстердiң жалпы саны, толық көлемде орындалған атқарушылық құжаттардың үлесі» индикаторы бойынша 59,8 пайызды құраған. Бұл – былтыр 60,2 пайыз болыпты. Жиында АХАТ және апостильдеуді қамтамасыз ету және бақылау, цифрланған акт жазбаларды өзектендіру, профилактикалық тексеру бағыты да сөз болды. – Мәселен, Әділет министрінің бұйрығы негізінде, Тараз қалалык, Байзақ, Талас, Жамбыл, Шу аудандық әкімі аппараттарының АХАТ саласына профилактикалық тексеріс жүргізілді. Іс-шара барысында кемшіліктер Талас, Байзақ аудандық әкімі аппараттарының АХАТ саласында анықталып, оларды жою туралы жергілікті атқарушы органдарына ақпараттық хат жолданды. Сондай-ақ І жартыжылдыққа арналған облыстық әділет департаментімен бақылау субъектісіне алдын алу тексерісін жүргізу тізіміне сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл, Меркі аудандық жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімдеріне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілді. Нәтижесінде аталған бөлімдерде бірқатар қателіктер анықталған. Қазіргі таңда оларды жоюға уақыт берілді. Осы бағытта ҚР ӘҚбтК-нің 460-бабына сәйкес, барлығы 1 129 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, 1 073 125 теңгеге айыппұл салынды. Оның ішінде: айыппұл ретінде жауапкершілікке 14 жеке тұлға, 22 заңды тұлға тартылды. Ескерту түріндегі жауапкершілікке 1093 тұлға тартылды, – деді баяндамашы. Департамент мамандары зияткерлік меншік нысандарын пайдаланатын субъектілерге қатысты барлығы 2 тексеру жүргізген. Нәтижесінде ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 158-бабы бойынша 2 әкімшілік өндіріс қозғалды. Мекеме тарапынан І жартыжылдықта профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу бойынша 5 тексеріс жүргізілген. Осылайша аумақтық нотариаттық палатаға жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс жолданған. Қорытындысында Э.Омарова, Д.Саржанов, М.Смагулов сияқты 3 нотариус облыстық нотариаттық палатаның мүшелігінен уақытша шығарылған. Ал екі іс қаралу үстінде. Осы уақыт аралығында облыстық әділет департаменті тарапынан адвокаттарды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы адвокаттар алқасына 29 ұсыныс жолданған. Сәйкесінше, 3 адвокат «ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершікке тартылды. 1 ұсыныс адвокаттың осы алқадан өз еркімен шығып кетуіне байланысты қараусыз кері қайтарылған. 2 ұсыныс әлі де қаралып жатса, қалғандары тәртіптік жауапкершілікке тарту фактісі анықталмауына байланысты тоқтатылған. Брифинг соңында Дәурен Жигулиұлы журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Альмира ОМАРОВА